ШЫМКЕНТТЕ 82 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ШЫМКЕНТТЕ 82 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде қалада жалпы алаңы 1 млн. шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін атап айтқан болатын. Осыған орай Шымкент қаласында бюджет есебінен 8 077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жоспарына сәйкес жуырда 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс.

Қалалық Құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 11 айда 103,3 млрд. теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 159,3 пайызға жеткен.