​Шымкентте 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

​Шымкентте 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Шымкент қаласында 86 жастағы Жалғас Сулайманов есімді азамат 21 ақпан күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен жұқпалы дерт қарт кісінің өкпе тінінің 80% зақымдағанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты реанимация бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарып, 4 наурызда жасанды тыныс алу апаратынан алынды.

–Науқас ауруханаға КВИ инфекцияның ауыр дәрежесімен түсті. КТ-да өкпесінің 80 пайызы зақымдалғанын байқадық. Зейнеткерге антикогулянтты, гормональді, оксигенотерапия емдері жүргізілді. Дертінен сауыққан қарт кісі үйіне шығарылады,-деді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Марлан Қуанышбекұлы.

Білікті дәрігерлердің еңбегіне қарияның алғысы шексіз. Қария ақ халаттыларға алғысын ақ батамен жеткізді.