Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.
Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.
Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.