Шымкентте бір күнде 15 заң бұзушылық анықталды

Шымкентте бір күнде 15 заң бұзушылық анықталды

Шымент қаласында өткен тәулікте 839 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырған. Жалпы вакцина науқаны басталғалы жалпы 73 972 адамға екпе салынса, 7 160 азамат вакцинаның екі компонентін толық алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалада соңғы тәулікте 131 адам инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазір 27 науқас стационарға жатқызылса, 104 адам үй бақылауына алынған. Сонымен қатар қаладағы стационарда 504 науқас ем қабылдап жатыр.

Шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда карантин тәртібіне бақылау жүргізетін мобильдік топ 22 сәуір күні 534 нысанға мониторинг жасап, 15 нысанда заң бұзушылықты анықтаған.

Бүгінде қалада 38 екпе бекетінде КВИ-ге қарсы вакцина салу жұмысы қарқын алған. Қазіргі күрделі эпидахулға байланысты Шымкент әкімдігі тұрғындардан вакцина салдыруға белсенділік танытуға шақырады.