Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясына қарсы 6379 адам вакцина салдырды: I компонент-1778, II компонент-4601. Егу науқаны басталғалы барлығы 358 446 адам вакциналанды. Оның ішінде 251 852 адам вакцинаның екі компонентін алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Қалада 27 шілде күні коронавирус жұқтырған 421 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 359, белгілері жоқ – 62). 285 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 136 адам үй бақылауына алынды.
Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазіргі сәтте қаладағы мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 106 орын бар. Жалпы төсек-орын толымдығы 65 %-ды құрап отыр.
Сонымен бірге өткен тәулік ішінде арнайы топ өкілдері 815 нысанға тексеру жүргізілді. Оның ішінде 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.