Коронавирусқа қарсы екпені 2 322 адам І – компонентін,4 760 адам ІІ – компонентін салдырған. Егу науқаны басталғалы барлығы 378 845 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 294 352 адам вакцинаның екі компонентін алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Өткен тәулікте қалада коронавирус жұқтырған 549 жағдай тіркелді. Оның 486 адамда белгілері байқалса, 63-сі симтомсыз. Қазіргі сәтте 284 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 265-і үй бақылауына алынды.
Сонымен бірге қаладағы мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек-орын толымдығы 70%-ды құрап, 1067 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда қазір 2513 науқас емделуде. Ал жансақтау бөлімінде 498 төсек-орын болса, оның ішінде 341 орында науқастар ем қабылдап жатыр.
Жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша бүгінге дейін (ПТР)371 218 адамнан сынама алынған. Тәлігіне 3 902 адам сынамаға қатысқан.
Кәсіпкерлік нысандарына бақылау жүргізетін 40 мобильдік топ 5 тамыз күні 727 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 17 нысанда карантин талабының бұзылғаны анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.