Шымкентте бір тәулікте 7238 адам екпе алды

Шымкентте бір тәулікте 7238 адам екпе алды

Шымкент қаласында өткен бір тәулік ішінде 7 238 адам вакцина қабылдаған. Екпенің I компонентін - 2 308, II компонент - 4 930 адам салдырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, егу науқаны басталғалы шаһарда барлығы 349 920 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 229 273 адам вакцинаның екі компонентін қабылдаған.

Сонымен бірге 23 шілде күн коронавирус жұқтырған 488 жағдай тіркелген. Науқастардың 402 белгілері бар болса, 86 адамда симтом байқалмаған. Қазір 210 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 278 адам үй бақылауына алынды.

Мамандар қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескертіп, тұрғындарға қоғамдық орында маска режимін сақтау ескертілді. Сондай-ақ, ертерек екпе алуға шақырды.