Шымкентте «BUSINESS LADY QAZAQSTAN» республикалық байқауының финалы өтеді

Шымкентте «BUSINESS LADY QAZAQSTAN» республикалық байқауының финалы өтеді

Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының қорытындысы Шымкент қаласында өтеді. Оған әр аймақтан шағын және орта кәсіптің 13 өкілі қатысады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Business Lady Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі меморандумға қол қойып, баспасөз-конференциясын өткізді.

4 жыл бойы өткізіліп жүрген байқауға ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел қатысқан. Кәсіпкер әйелдер үшін шеберлік сағаттармен оқытулар өткізіледі.

Байқаудың танымалдылығы жылдан-жылға артып келеді. Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай іс-шаралар әйелдерге өз саласындағы дағдыларын арттыруға, бизнес-трендтерді зерделеуге, өз-өзін дамытуға көмектеседі, - дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі Сәуле Қайсар.

Байқауға қатысушылармен кәсіби заңгерлер, бизнес-жаттықтырушылар, шешендік шеберлік бойынша коучтар, психологтар, сондай-ақ стилистер және басқа да мамандар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, байқау халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік туады. Мысалы 2020 жылы пандемия жағдайында онлайн байланыс арқылы Франция, Мәскеу, Нью-Йорк, Өзбекстан және Литва бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысуға ниет білдірді. Байқауға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады.

Фото: Береке Сейітжаппар