Шымкентте дәрігерлер біліктілігін арттырды

Шымкентте дәрігерлер біліктілігін арттырды

Шымкентте медицина мамандарының тәжірибесін шыңдау үшін Беларусиядан келген білікті мамандардың қатысуымен оқыту жұмыстары жүргізілді. Бір аптаға созылған шараға қала бойынша емдеу мекемесінен 50-ге жуық маман қатысты.

Оқыту барысында Беларусь медициналық дипломнан кейінгі білім академиясының неонатология кафедрасының меңгерушісі Устинович Юрий және акушерия және гинекология кафедрасының доценті Грудницкая Елена жүкті әйелдер мен жаңа туған шақалақтарға медициналық көмек көрсету әдістері бойынша біліктіліктерімен бөлісті.

Шет елдік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде практикалық дағдылар да пысықталды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді.