Шымкент қаласында метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жобаны жүзеге асырған отандық инвестор – «АГНКС Қазақстан» ЖШС. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады
Өндірістік компрессордың қуаты сағатына 2400 текше метрді құрайды. Бұл күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Құрылыс барысында 80 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Қазіргі уақытта жанармай құю станциясында 3 қызмет көрсету бағаны жəне 6 жанармай құю орны бар. Станцияда 18 адам тұрақты жұмыс істейді.
Сондай-ақ, күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.