​Шымкентте індеттің үш штаммы тіркелген

​Шымкентте індеттің үш штаммы тіркелген

Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтың төрағалығымен өткен штаб отырысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Б.Позилов бұл жөнінде жақын күндері арнайы баспасөз брифинг ұйымдастырылып, кеңінен ақпарат берілетінін де айтып өтті.

Қалада жыл басынан 3 155, соңғы тәулікте 131 жағдай тіркелген. Емделіп шыққандар саны 1 848.

Шаһарда жүргізіліп жатқан екпе 38 бекетінде вакциналау жұмысы қарқын алған. Екпе алушылар арасында мұғалімдер алда келеді. Бүгінге дейін 16 311 мұғалім вакцина салдырса, медицина – 11 043, құқық қорғау қызметкерлері – 6 315, созылмалы аурулары бар азаматтар – 4 566, студенттер – 2 306 және басқалар – 33 421 адам КВИ-ге қарсы екпе алған. Сонымен бірге Шымкент вакциналау жоспарын орындау бойынша «жасыл аймақта».

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «қызыл аймақтан» шығу үшін вакциналау жұмыстарын әлі де күшейту қажеттігіне назар аударды. Қалада вакцина жеткілікті. Екпе егудің маңзыдылығы бойынша насихат жұмыстарын әлі де жандандыру қажет.

Жиын соңында қала әкімі дәрі дәрмек қорын жүйелі түрде тексеріп отыру керек екенін айтып, есепте көрестілген цифрлардың дұрыстығын қадағалауды тапсырды.