Шымкентте инсульт орталығы ашылды

Шымкентте инсульт орталығы ашылды

Сайрам тұрғын алабындағы № 3 қалалық ауруханасындабазасында II деңгейлі инсульт орталығы ашылды. Орталық науқастарға тәулік бойыжедел медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Аурухана базасында ауыр халдегі науқастарға жедел медициналық көмек көрсету үшін жаңадан компьютерлік томография, ИВЛ, т.б., аппараттары орнатылған. Емдеу мекемесінде жоғары дәрежелі білікті невролог, нейрохирург мамандары жұмыс істейді.

Қазір мұнда 38 науқас медициналық көмек алып отыр. Оның ішінде 31-і ишемиялық,8-і адам геморрогиялық инсультдиагнозымен ем қабылдауда.

Осында ауыр хәлде жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылған 7 науқас емдеу барысында жағдайы жақсарып нейроинсульт орталығына ауыстырылды. Сонымен бірге осы жерде 4науқасқа ота жасалған.