Шымкентте алдағы күндері күн суытып, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазгидромет 30 наурыз - 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жариялады
- Ресей аймақтарынан циклонның жылжуына байланысты, күндіз жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде күші 8-13 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады, - делінген ресми хабарламада.
Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі. Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.