Шымкентте коронавирус жұқтырған 650 жағдай тіркелді

Шымкентте коронавирус жұқтырған 650 жағдай тіркелді

Ауырғандардың 516-сы симптомды болса, 134 адамда белгілері байқалмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkenaqparat

Қазіргі сәтте 211 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынған. Сондай-ақ, 261 адам коронавирустан айығып шыққан.

Сонымен қатар, бір тәулік ішінде 3 250 адам вакцина салдырған
(I компонент-1 018, II компонент-2 232). Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алған.