Шымкентте КВИ жұқтырғандар саны төмендеді

Шымкентте КВИ жұқтырғандар саны төмендеді

Бүгін, 1 маусымдағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуал бойынша бағалау матрицасына сайкес «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды облыстары бар, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал «жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

Шымкент қаласында денсаулық сақтау басқармасынның мәліметінше, өткен тәулікте КВИ-дің 20 жағдайы тіркелді. Оның 16-сі стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынған.

Ал, инфекциялық стационарларда 1 406 орын қаралса, бүгінеде төсек-орын толымдығы 37 % құрап отыр.

Шаһарда коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы қарқындаған. Атап айтқанда өткен тәулікте 2 649 адам екпе салдырды. Оның ішінде 504 адам І компонентті, 2 145-і ІІ компонентті алған. Жалпы екпе науқаны басталғалы 179 911 адам вакцина салдырған.