Шымкентте қылмыс 21%-ға төмендеген

Шымкентте қылмыс 21%-ға төмендеген

Шымкентте кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс былтыр 21 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

- Ең алдымен Шымкент қауіпсіз қала болуға тиіс. Сол себепті де қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, былтыр Шымкентте 9 723 қылмыстық іс тіркеліп, 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш және 1802 компьютерлік техника алынды. Кешенді іс-шаралардың арқасында қылмыс былтыр 21 пайызға төмендеді. Бұл жұмыс биыл да қарқынды жалғасуда, - деді қала әкімі.

Қалада қазір 2479 камера жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге биыл «Сергек» жүйесін енгізіліп, қосымша 3 740 камера қойылады. Оның 2240-ы көшелерге, бір жарым мыңы аулалар мен қоғамдық орындарға орнатылмақ.