Шымкентте соңғы тәулікте 2 601 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Шымкентте соңғы тәулікте 2 601 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 470 жағдай тіркелді. Оның ішінде 329-і симптомды, 141-і симптомсыз. 163 науқас ауруханаға жатқызылып, 307 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі сәтте қалада 1 674 адам инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Шымкентте бір тәулік ішінде 2 601 адам вакциналанды
(I компонент-1201, II компонент-1400). Жалпы, егу науқаны басталғалы барлығы 341 106 адам екпе салдырған. Оның ішінде 213 563 адам вакцинаның екі компонентін алды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен тәулікте ел аумағында 5 317 адамнан коронавирус анықталған болатын.