Шымкентте соңғы тәулікте 418 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте соңғы тәулікте 418 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте соңғы тәулікте 418 адам коронавирус жұқтырғаны ПТР сынамасы арқылы анықталып, ауырғаны расталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі сәтте 194 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 224-і үй бақылауына алынды.

Осы жылдың 21 шілде күнгі мәлімет бойынша қалада 7 453 адам вакцина алды (I компонент-2445, II компонент-5008). Егу науқаны басталғалы барлығы 347 612 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 224 333 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.

Сонымен бірге қаладағы кәсіпкерлік нысандарға санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына 40 мобильдік топ бақылау жасайды. Арнайы топ өкілдері өткен тәулікте 658 нысанға тексеру жүргізіп, 14 нысанда карантин талабының бұзылғанын анықтады.