Шымкентте соңғы тәулікте 7 мыңнан аса адам вакцина салдырды

Шымкентте соңғы тәулікте 7 мыңнан аса адам вакцина салдырды

Өткен тәулікте 588 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

27 сәуір күнді шаһарда КВИ-дің 90 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 69, белгілері жоқ - 21). 69 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 21 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 561 науқас емделуде (КВИ-285, пневмония- 266, ЖРВИ- 10), жансақтау бөлімінде – 19 адам. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 366 374.

Сондай-ақ, өткен тәулікте қалада 7 122 адамға вакцина салынды: I компонент – 5 918, II компонент – 1 204 адам. Егу науқаны басталғалы барлығы 89 957 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 10 312 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша бүгін «қызыл аймақта» тұр. Қалада екпе егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Вакциналау бекеттерінің саны 42-ге жетті.