Биыл 26 мыңға жуық шымкенттік ауызсумен қамтылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында 2021 жылы жалпы 85 жобаны (48,6 млрд теңге) жүзеге асыру жоспарланған.
Соның ішінде ауызсумен қамту көрсеткіші - 96 %. Биыл жалпы 25,6 мыңға жуық адамның ауызсуға қолы жетпек.
I – тоқсанда бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі ауызсу жүйелері құрылысы бойынша Тұран шағынауданында – 86 пайыз, Асар-2 – 41 , Солтүстік саяжай – 35, Ынтымақ 2, Жаңатұрлан – 89 және Жаңаталапта – 87 пайыз жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, магистралды 3 нысан – Көмешбұлақ 4,48 шақырым (60 %), 9,37 шақырым және 10,61 шақырым суаққы құрылысы атқарылуда.