Шымкентте өткен тәулікте 121 адамнан COVID-19 анықталды

Шымкентте өткен тәулікте 121 адамнан COVID-19 анықталды

Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық — эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте 121 адам коронавирус жұқтырса, 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылған, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, індет жұқтырғандардың арасында 81 адамнан ауру белгілері анықталған. Сондай-ақ, 87 адам үй бақылауына алынған.

Денсаулық сақтау басқармасы шаһардың «қызыл аймақта» екенін және Covid-19 жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес береді.


Айта кетейік, соңғы тәулік ішінде қалада 9462 адам вакцина алған. Бірінші компонентін 9215 адам алса, 247 адам екінші компонентін салдырған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 55 868 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6742 адам вакцинаның екі компонентін алған.