Ауырғандардың 418-і белгілері бар болса, 84 адамда симпомы байқалмаған. Бүгінде инфекция жұқтырған 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қаладағы инфекциялық стационарда барлығы 2 374 науқас емделуде. Ал жансақтау бөлімінде 469 орын болса, қазір онда 316 науқас ем қабылдап жатыр.
Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 220 орын бар, төсек-орын толымдығы 73%-ды құрап,846 төсек-орын бос.
Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 8 274 адам вакцина алған болса, оның 2 676 бірінші компонентін,5 598-і екінші компонентін алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 374 237 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 284 586 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 3 тамыз күні 680 нысанға тексеру жұмысын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.