Шымкентте өткен тәулікте 8 473 адам екпе алды

Шымкентте өткен тәулікте 8 473 адам екпе алды

Шымкентте соңғы тәулікте 8 473 адам вакцина салдырды: I компонент-4 731, II компонент-3 742. Егу науқаны басталғалы барлығы 325 354 адам вакциналанды. Оның ішінде 198 008 адам вакцинаның екі компонентін алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап

Қалада 13 шілде күні коронавирус жұқтырған 342 жағдай тіркелді (белгілері бар – 254, белгілері жоқ – 88). Оның 78-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 196 орын бар.

Сонымен қатар өткен тәулікте қалада 303 нысанға карантин талабының сақталуын бақылау үшін арнайы топ өкілдері тексеру жүргізген. Оның ішінде 23 нысанда заң бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда 4 375 адамнан коронавирус індеті анықталған болатын.