Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 110 жағдайы тіркелді

Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 110 жағдайы тіркелді

31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 79 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық - 30), төсек орын толымдығы 39,9%-ды құрайды, 775 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 515 науқас емделуде (КВИ-271, пневмония- 238, ЖРВИ- 6), жансақтау бөлімінде - 24 (11 ИВЛ, 13- НИВЛ).

Осы уақытқа дейін 359 584 адамнан ПТР сынамасы алынған, тәулігіне 2 569.

Бір тәулік ішінде қалада 2 881 адам вакцина алды

(I компонент-2 460, II компонент- 421). Егу науқаны басталғалы барлығы 76 429 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 7 595 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Карантин талаптарын бұзушы нысандар әлі де тоқтар емес. Мәселен қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ соңғы тәулікте 426 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 18 нысанда карантин режимінің талаптары орындалмағанын анықтады.

Құрметті қала тұрғындары!
Сенбі жексенбі күндері барлық емханаларда вакциналау тегін демалыссыз жүргізіліп жатқанын еске саламыз. Қалыпты өмірге тезірек оралайық!