​Шымкентте ТЖ қызметкерлері ковидке қарсы екпе салдырды

​Шымкентте ТЖ қызметкерлері ковидке қарсы екпе салдырды

Шымкентте ТЖ департаменті мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесі 150-ден астам қызметкері КВИ-ге қарсы екпе салдырды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Департамент қызметкерлері вакцинаны қаладағы консультативтік-диагностикалық орталығы мен «Ай Нұры» емханасында салдырған. Әуелі ТЖ мамандары дәрігер тексеруінен өтіп, алдын ала екпенің әсері жөнінде түсіндірілді. Вакцина салдырғаннан кейін 30 минутқа дейін дәрігерлік бақылауда болды.

Айта кетсек, бүгінде шаһарда екпе егу жұмысы 38 бекетте атқарылып келеді. Қала тұрғындары кез келген вакцина бекетіне барып, екпе салдыра алады. Аталған бекеттер аптаның жұмыс күндерінен тыс сенбі және жексенбі күндері де қызмет көрсетеді.