15 сәуірдегі деректер бойынша Қазақстанда 505 451 адам вакцина салдырды. Оның 38 мың 107-сі - Шымкент қаласының тұрғындары. Олардың қатарында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары мен қызметкерлері бар, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
- Бүгін мен COVID-19-ға қарсы вакцина салдырттым. Қазіргі жағдайым жақсы, жанама әсерлер сезбедім. 21 күннен кейін екінші рет вакцина салдыртамын, - деді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.
Сала қызметкерлері «Медикер» орталығында «Спутник V» вакцинасын салдырған. Қазіргі таңда бәрінің жағдайы жақсы. Асқынулар мен кері әсерлері байқалмаған. Сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері де екпе салдырды
- Біз, спортшылар жаттығу залында, жарыстарда көп жүретіндіктен вирис жұқтыру қаупі жоғары. Вирустың алдын алу үшін ұжым болып ковидқа қарсы вакцина салдырдық. Қазір бәріміздің жағдайымыз жақсы. Расында, екпе салдыру өте маңызды. Сізде өзіңіздің және жақындарыңыздың жағдайын ойласаңыз, екпе салдырыңыз, - деді басқарма басшысы Бауыржан Тұманбаев.
Айта кету керек, қалада вакцина тегін әрі ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін демалыс күндері де салынуда.