Шымкентте вакцина салдырушалардың қатары көбейді

Шымкентте вакцина салдырушалардың қатары көбейді

Шымкентте өткен тәулікте 2 530 адамға ПТР зерттеуі жасалып, коронавирустың 112 жағдайы анықталды. Оның 26-сі стационарға жатқызылып, 86 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қала КВИ жағдайы бойынша «қызыл аймақ» қатарында. Бүгінде 3 инфекциялық стационарда жалпы 1 290 орын қарастырылса, оның ішінде 474 төсек-орында науқас емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасның мәлімдеуінше шаһарда инфекцияға қарсы вакцина алушылар қатары көбейген. Соңғы тәулік ішінде 1 897 адам екпе салдырған. Жалпы науқан басталғалы 73 118 адам вакцина алған. Оның 7 065-сі екпенің екі компонентін алған.

Ал, қаладағы кәсіпкерлік нысандарда карантин талабының орындалуын қадағалайтын мобильдік топ өткен тәулікте 683 нысанды тексеріп, 18 нысанда тәртіп бұзушылықты анықтаған.

Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент әкімдігі тұрғындардан сақтық шарасын сақтауға және вакцина салдыруға белсенділік танытуға шақырады.