Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәуліктің өзінде 7 751 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жалпы, егу науқаны басталғалы 124 132 адам вакцинацияланды. Оның 21 436-і екпенің екі компонентін алған.
Өткен тәулікте инфекция жұқтырған 65 жағдай тіркелген. Оның 31-і стационарға жатқызылса, 34 адам үй бақылауына алынған. Сонымен бірге қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын қаралған. Бүгінде төсек-орын толымдығы – 50 % құрап отыр.
Қала аумағында карантин талаптарының сақталуын 22 мобильді топ тұрақты бақылауда. Арнай топ өкілдері соңғы тәулікте 297 нысанға тексеру жұмысын жүргізіп, 8 нысанда заң бұзушылықты анықтаған.
Фото: Самат Мырзалиев