Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді. Өткен тәулікте 79 адамнан ауру белгілері табылған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оның ішінде белгілері бар - 39, белгілері жоқ - 40. Вирус жұқтырған 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 60 адам үй бақылауына алынды.
Бұдан өзге, қалада өткен бір тәулік ішінде 3 262 адам вакцина алды. Оның ішінде 1587 азамат I компонентін алса, 1675-і II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 167 985 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 71591 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 411737, тәулігіне 2 184. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ 20 мамыр күні 531 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.