Қала аумағында зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 26 сәуір мен 10 мамыр күндері аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді.
Аталған жұмыстар көпқабатты тұрғын үйлердің қоқыс контейнерлеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал, жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Ескерте кететін жәйт, көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындары кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді балаларыңыздың ұстамауына және үй жануарларының жеп қоюына абай болуларыңызды сұраймыз!
Қосымша ақпарат бойынша: 8(7252)24-75-37.