Шымкент қаласында 6 наурыз күні сағат 9:00-де жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Сенбілікте мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері және қала тұрғындары аулалар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Шымкент әкімдігі қала тұрғындарынсенбілікке белсене қатысуға шақырады. Себебі, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы.
Сенбілік кезінде барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюіg және арақашықтықты сақтауы керек.