Шымкентте алдағы күндері жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазгидромет 10-12 наурыз аралығына арналған болжамын жариялады.
«Ресей аймақтарынан циклонның жылжуына байланысты, таңертең және күндіз жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде күші 8-13 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының қозғалысына шектеу енгізілді. Ол аралық 394-526 шақырымды құрайды.
Одан өзге республиканың басқа да өңірлерінде бірқатар жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.