Шымкентте жеміс-жидектерді қайта өңдейтін 2 кәсіпорын ашылады

Шымкентте жеміс-жидектерді қайта өңдейтін 2 кәсіпорын ашылады

Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Олардың бірі қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын жеміс-көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорын. Жоба құны - 400 млн. теңге. Бүгінде аталған нысанның құрылысы жүргізілуде.

Ал екіншісі сағатына 7 тонна жеміс-көкөністі өңдеуге қауқарлы кәсіпорын. Жоба құны 1 млрд. 318 млн. теңгені құрап отыр. Нысан құрылысы алдағы уақытта басталады.

Шымкент қаласында жалпы биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық 28 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 71,7 мың тонна бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс сынды өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірімек.