Жаңадан ашылған бөлімше 20 орынға лайықталған. Оның өзге бөлімшеден ерекшелігі ауруханадан емделіп шыққан балалар 14 күннен кейін портал арқылы оңалту емін алуға мүмкінгі бар, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Арнайы бөлімшеде бейінді мамандар емдік шараларымен бірге диагностикалық тексеру жұмыстарын да жүргізеді. Ол үшін заманауи лабораториялық құрылғылар мен катамнез кабинеті, травматологиялық жарақат алғандарды қалпына келтіру үшін соңғы үлгідегі аппараттар орнатылған.
Орталық жүйке жүйесі зақымданған үш жасқа дейінгі балаларды неонатолог, невролог, травмотолог, ортопед мамандары емдейді. Жалпы оңалту бөлімшесі неврология нейрохирургия, травмотология, ортопедия, кардиология, кардиохирургия, пульмонология, психолог, логопед бейіні бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатар, мұнда ковидпен, өкпе және мульти жуйелі қабыну синдромы диагнозымен ем қабылдаған науқас балаларды қалпына келу емі жүргізіліп, онлайн түрде республикалық мамандардың кеңесі беріледі.
Айта кетейік, бөлімшеде медицина мамандары ем шараларын дәрі-дәрмекпен катар физиоем, кинезотерапия, монтессори әдісі бойынша оңалту шараларын жүргізеді.