«Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» мерейтой кеші өтті

«Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» мерейтой кеші өтті

Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» атты мерейтой кеші өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Салтанатты шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Кеш барысында Қазақ радиосының тарихынан сыр шертіп, ұнжария ұжымында қызмет еткен тұлғалар туралы естеліктер айтылды. Бір ғасырлық ғұмырында Қазақ радиосы бағын жаққан өнер жұлдыздары ән салып, ыстық ықыластарын білдірді.

Думанды кешті сатирик Көпен Әмірбек пен Гүлмира Нәлібай жүргізді. Концерт барысында Нұрлан Өнербай, Жұбаныш Жексенұлы, Гүлнар Сиқымбай сынды жұлдыздар өз өнерлерін көрсетті.

Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.