Қазақстанның барлық өңіріндегі колледжері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің I ұлттық байқауы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ұлттық конкурс - сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға Қазақстанның 27 колледжінен 50-ден астам үміткер қатысты.
Сарапшы қазылар қатысушылардың 2 ай бойы өткен топтама үлгілерін, жеке суреттерін, оқу орындары жайлы бейнероликтері мен топтамаларының көрсетілімі бойынша бағалады.
Байқау жеңімпаздарына 9 аталым бойынша жүлделі орын берілді. Нәтижесінде І орынды Шымкент қаласының Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті Мәриям Бекмұрза ұтып алды.
Айта кетейік, байқау осы жылдың 1 ақпаны мен 12 наурыз аралығында онлайн форматта өтті. Сондай-ақ шымкенттік болашақ дизайнер Бекмұрза Мариям Испанияда өтетін Marbella Fashion Week сән байқауына және Өмірбай Жаннұр Швецияда өтетін Stockholm International Fashion Fair сән байқауына қатысуға жолдама алды.