ШЫМШАҺАРДА ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ШЫМШАҺАРДА ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте қала бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жақты, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Салтанатты іс-шара жылдағыдан өзгеше өтті. Яғни, эпидемиологиялық ахуалға байланысты қатысушылар саны әдеттегіден аз.

Әкімшілік-іскерлік алаңындағы бас шыршаның бикітігі 25 метр, Оны безендіруге жалпы ұзындығы 1200 метр қылқан жапырақ, 110 дана жарық шам мен 760 дана алтын шар жəне 800 метр жылтырақ жұмсалған. Бас шыршаның бір ерекшелігі, қазақы ою-өрнектермен әшекейленіп, ұлттық нақышта безендірілген.

Іс-шара соңында қала тұрғындары естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Фото: Б. Сейітжаппар