Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.
Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр,ені - 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы - 970 шақырым, ені - 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі