Өткен тәулікте 2 673 адам коронавирусқа қарсы вакциналанды

Өткен тәулікте 2 673 адам коронавирусқа қарсы вакциналанды

Шымкентте 20 шілде күнгі мәлімет бойынша 412 адам коронавирус індетін жұқтырған. Қазір оның 204-і стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап

Қалада инфекцияның тарарлуының алдын алу үшін өткен тәулікте 2 673 адам вакцина салдырды: I компонент - 1012, II компонент - 1661.Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 345 167 адам вакциналанды. Оның ішінде 219 325 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Қазіргі сәтте шаһардағы мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 946 орын бар. Төсек-орын толымдығы - 66 пайызды құрап отыр.

Сонымен бірге 20 шілде күні қаладағы кәсіпкерлік нысандарына бақылау жасайтын мониторинг топ 784 нысанға тексеру жүргізген. Оның ішінде 11 нысанда карантин талабының бұзылғаны анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.