Шымкент қаласында «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Фронт-офистің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және «QazSmartTrans» ЖШС-ның директоры Сержан Ақылбаев қатысты.
Орталықтың негізгі қызметі - арыз-шағым, ұсыныстар қабылдауға және оқушылар, студенттер картасын тікелей өтінім беруге немесе дайын картаны алуға арналған. Яғни, тұтынушыларға «Төлем» картасына қатысты туындаған кез келген мәселе бойынша қызмет көрсетеді.
Осыған дейін компанияның жеке офисі күніне 300-500 адам шамасында қабылдап келсе, ендігі жерде арнайы ашылған орталық арқылы тұрғындарды екі есе көлемде қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл тиісінше тұтынушыларға деген қызмет көрсету сапасын арттырады.
Фронт-офистің мекенжайы: Әл-Фараби алаңы, №9
Қосымша сұрақ бойынша +7 775 213 97 46 нөміріне хабарласуға болады.