Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде беріледі

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде беріледі

Шымкент қаласында бүгінге дейін тұрғын үй сертификатына 319 өтінім келіп түскен. Азаматтардың өтінімдері қаралып, жауабы 3 жұмыс күн ішінде egov порталындағы жеке кабинетіне жолданып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі сәтте 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 218 азаматтың тұрғын үй сертификатын алудыңталаптарына сәйкес келмеген. Ал 20 өтінім барлық талапқа сәйкес келіп, 30 өтінім қаралымда тұр.

Айта кетсек, тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несиенегізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша баспана алуды көздеген, тұрғын үй сертификатынның талаптарына сайкелетін әрбіразаматқа 1 миллион теңгеге дейін бастапқы жарнаның бір бөлігі үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106 336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы сертификатқа өтінім жібере алады.

Сонымен қатар тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдайтын интернет портал тәулік бойы ашық болады. Сертификат өтінімді қалай тапсыру керектігі жөнінде мына сілтемеге өтіп білуге болады