Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталған болатын. Бүгінге дейін тұрғындардан келіп түскен өтінім бойынша 10 сертификат мақұлданған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғын басқармасының басшысы м.а. Абылайхан Балықбаев мәлімдеді.
Тікелей эфирде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта тұрғын үй туралы баяндаған А.Балықбаев азаматтардың баспанаға қатысты сұрақтарына жауап берді.
– Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап онлайн интернет портал арқылы бүгінгі күнге дейін 286 азамат өтінім жіберген. Оныңішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 152-і тұрғын үй сертификатын алудыңталаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Сондай ақ 10 азаматтыңөтінімі тұрғын үй сертификатының жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келуіне байлансты мақұлданды,-деді А.Балықбаев.
Бұдан бөлек, үй кезегінде тұрған, баспанаға мұқтаж азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан белгіленген тәртіппен жалдамалы пәтер беріледі. Сонымен бірге үй кезегінің жылжуы толығымен автоматтандырылған. Оған ешқандай адами фактор әсер ете алмайтындығын атап өтті.
Айта кетсек, қалада жыл басынан бүгінге дейін 608 адам жалдамалы пәтермен қамтылған. Оның ішінде 300-і жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтерхалықтың әлеуметтік әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын. Қазіргі сәтте 74 пәтерге тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиістіқұжаттары дайындалуда.