Төсек-орын толымдығы 77 пайызға жетті

Төсек-орын толымдығы 77 пайызға жетті

Шымкентте өткен тәулікте 565 адамнан коронавирус індеті анықталды. Оның ішінде 269 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 296 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, бүгінде мамандандырылған инфекциялық-стационарларда барлығы 3 580 орынболса, қазір 2 781 адам емделуде. Жалпы төсек-орын толымдығы 77%-ды құрап, 799 орын бос. Ал жансақтау 381 науқас ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар соңғы тәулікте қалада 2 708 адам вакцина алды (I компонент-890, II компонент-1818). Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 384 040 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 304 289 адам вакцинаның екі компонентін де алған.