Шымкентте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басшылығы мен жетекші мамандары өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлеріне «Ұлттық тәрбие» жобаларының бейнетаныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Аталған жоба негізінде ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған бірнеше жобалар таныстырылды.
Тәрбиелік маңызы бар жоба балабақшадағы бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған. Мұнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 қағидатына негізделіп жасалған.
Нәтижесінде танымдық КВЕСТ ойыны, «Dastur start» зияткерлік ойыны секілді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысатын жастар саны ұлғаяды. Сонымен бірге, жастар бойында ұлттық салт-дәстүрлерді театралдық көріністер арқылы ұғынып, шығармашылық қабілеттері артады, зияткерлік қабілеттері шыңдалады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мотивациялық оқыту онлайн курстарын өткізуді де жоспарланып отыр.
Жаңадан таныстырылған жобада қажырлы еңбекпен көрнекті жетістікке жеткен тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер (инфографикалар) әзірленеді.Сондай-ақ, «Баланы еңбекқорлыққа қалай баулимыз?» тақырыбында ата-аналарға арналған қалта жолнұсқаулығы жасалынбақ.