«Уылдырық-2021» рейд өтуде

«Уылдырық-2021» рейд өтуде

Шымкентте «Уылдырық-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның аясында арнайы құрылған мобильді топ Бадам су қоймасы аумағында заңсыз балық аулаған 15 жағдайды анықтады.

1 сәуір - 31 мамыр аралығы балық уылдырық шашатын кезең болып табылады. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары тарапынан тиісінше бақылау да күшейеді. Рейдтік шараға Полиция департаменті мен Еңбекші аудандық полиция басқармасы және Табиғатты қорғау саласы мамандарын қоса алғанда, жалпы 100-ге жуық қызметкер жұмылдырылған.

Заң бұзушы азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.