​Вакцина қабылдау оразаны бұза ма?

​Вакцина қабылдау оразаны бұза ма?

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстауды жоспарлап отырған мұсылман қауымынан екпе жайында бірқатар сұрақтар келіп түсті, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі zakon.kz- ке сілтеме жасап

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.

Олардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинация оразаны бұзатындығына не бұзбайтындығында болып отыр.

Комитет қызметкерлері түсініктеме алу үшін мешіт қызметкерлеріне жүгінген.

«Мешітте егер белгілі бір заттың ас қорыту жүйесіне ауыз, мұрын сияқты табиғи саңылаулар арқылы енсе, ораза бұзылатындығын хабарлады. Инъекциялар кезінде және коронавирустық вакцинаны енгізу аталған жағдайларға жатпайды. Сондықтан COVID-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайды»,-деді дін мамандары.


Сондай-ақ, мешіт қызметкерлері емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін (дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекциялар жатпайды) мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл ораза 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады.