Коронавирусқа қарсы вакцина ысырап болып жатыр. Екпеге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат берген мамандар осылай деді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Сөздеріне сенсек, «Спутник V» вакцинанасының бір құтысында 5 адамға жететіндей екпенің мөлшері бар. Бірақ оны 2 сағатта салып үлгермесе, жарамсыз болып қалады. Сондықтан мамандар вакцинаны қоқысқа тастауға мәжбүрміз дейді. Өйткен, 2 сағатта 5 адамға салу кейбір кезде мүмкін болмай жатады. Ал қақпағы ашылған құтыны қайтадан тоңазытқышқа салып сақтауға мүлдем болмайды. Десе де, мамандар осы уақытқа дейін екпенің қанша дозасы қоқысқа тасталғанын нақты айта алмады.
– Кей жағдайда келем деген адам мүмкін уақытына үлгермей қалуы мүмкін. Екі сағат уақытына кірмей қалатын болса, 2 сағат 5 минутта біз бұл вакцинаны ешқандайда қолдануға мүмкіндігіміз жоқ. Ондай болған жағдайда әрбір флаконнан бір-екі доза шығын болуы мүмкін. Ондай жағдайлар болып та жатыр, - дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.