Ыстамбұлға арзан бағамен рейстер ашылды

Ыстамбұлға арзан бағамен рейстер ашылды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Түркістан - Ыстамбұл бағытында рейстер ашылғанын жариялады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы FlyArystan компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Біз жаңа Түркістан-Ыстамбұл бағытының ашылғанын қуана хабарлаймыз! Билет бағасы небәрі 39 999 теңгеден басталады. Рейстер Қазақстанның рухани астанасынан Түркияның жүрегі - Ыстамбұлға 21 наурыздан бастап аптасына екі рет - жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus A320 әуелайнерлерімен орындалатын болады, - делінген хабарламада.


Айта кетейік, жаңа бағыт бойынша билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында және FlyArystan.com сайтында қолжетімді.

Сонымен қатар, бір бағыттағы билеттер әуежай алымдарын, салмағы 5 келіден (56х23х36 см) аспайтын қолжүгінің 1 данасын және ұшақ бортында кездейсоқ орынды қамтиды.