Жедел жәрдем қызметі QR - код жүйесіне қосылды

Жедел жәрдем қызметі QR - код жүйесіне қосылды

Шымкентте жедел жәрдем қызметін бағалайтын жаңа ақпараттық жүйе ензілді. Енді QR -код қосымшасы арқылы 103 қызметкерлері туралы толық ақпарат алуға және көрсетілген медициналық қызметті бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі таңда шақыртуға баратын жедел жәрдем қызметкерлерінің барлығының бейджигінде QR -код қосымшасы орнатылған.

Науқастар QR - код арқылы медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігі және санаттары ақпарат алып, олардың қызмет көрсету сапасына өз пікірін қалдыра алады.

Айта кетсек, шаһарда қазір 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 103 станциясы 100 пайыз цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылданады. Мұнан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде GPS-навигаторы орнатылған.

Сонымен бірге бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR- код жүйесі іске қосылды.