Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.
- Екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлерде мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы бойынша талап енгізілді, - делінген ресми хабарламада.
Ірікетеу кезең: құжаттарды қабылдау (онлайн), мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (онлайн), ахуалдық міндеттерді шешу (онлайн), құзыреттерді бағалау (офлайн), сараптамалық комиссияда үміткерлермен әңгімелесу (онлайн), ұлттық комиссия отырысында қарау (онлайн) сынды талаптық кезеңдерден тұрады.
Айта кетейік, үміткерлер резервке 3 жылға қабылданады. Бүгінгі таңда ПЖКР алғашқы жиынтығынан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компанияларға 179 резервші тағайындалды.